Accessibility links

ЕуроОдақ тұрақты қор құруға келісті


Еуропа Одағының жетекшілері одаққа мүше кез-келген елдің экономикалық проблемасын шешуге көмектесу үшін тұрақты қор құруға келісті. Яғни болашақта қарызға батып, еуроаумақтың тұрақтылығына қауіп төндіретін кез-келген еуропалық елге қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы бейсенбі күні ЕуроОдақ президенті Херман Ван Ромпуй мәлімдеді.

Оның айтуынша, ЕуроОдақ басшылары Лиссабон келісіміне толықтырулар енгізіп, 2013 жылы Еуропаның тұрақтылық механизмін құруға келіскен.
XS
SM
MD
LG