Accessibility links

Тәжікстан түрмеден қашқан 7 тұтқынды Ауғанстаннан ұстағанын айтты


Бүгін Тәжікстанның қауіпсіздік қызметі тамыз айында түрмеден қашқан 25 сотталғанның жетеуін көрші Ауғанстаннан ұстағанын хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Нозирджон Буриев қайта қолға түскен тұтқындар ішіндегі екі тәжік үкіметті күшпен құлатпақ болды деген айыппен сотталған деді.

Оның айтуынша, қару-жарақ тасымалы мен кісі өліміне қатысты түрмеге жабылған үш ауғандық та ұсталды. Тағы екі тұтқынның ұлты жайлы айтылмады.
XS
SM
MD
LG