Accessibility links

Ресей делегациясы Мумбайға барды


Президент Дмитрий Медведев жетекшілігіндегі Ресей делегациясы Мумбайға барды. Бұл қала Үндістанның бизнес орталығы деп есептеледі.

Оның алдында Медведев Аграда тоқтап, Тадж Махалды тамашалаған болатын. Ал сейсенбі күні Ресей президенті Үндістан басшыларымен келіссөз өткізіп, екі ел арасындағы әскери және сауда ынтымақтастығын нығайту мәселесін талқылады. Олар ядролық энергетика мен әскери салалардағы бірнеше келісімге қол қойды.

Ресей мен Үндістан атом реакторын бірлесіп дамытпақ. Ресей мамандары Үндістанның оңтүстігіндегі атом электр стансасының құрылысына көмектесетін болды.
XS
SM
MD
LG