Accessibility links

АҚШ-та ядролық қаруларды азайту жөніндегі келісім бекітілді


Ресей, Жапония және НАТО мен БҰҰ АҚШ сенатында Ресеймен арадағы ядролық келісімнің бекітілгенін құптады.

Сәрсенбі күні АҚШ сенаторларының басым бөлігі Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімді қолдап дауыс берді. Бұл келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен оның ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев сәуір айында қол қойған болатын. Оған сәйкес, АҚШ пен Ресей алдағы 7 жылда стратегиялық ядролық оқтұмсықтарының санын 30 пайызға қысқартуы тиіс.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров аталмыш келісімнің бекітілгенін мадақтап, бұл құжат енді тексеріліп, Мемлекеттік думаға тапсырылады деп атап көрсетті. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, бұл келісімнің бекітілуі еуро-атлантикалық қауіпсіздікке айтарлықтай септігін тигізеді. Ал БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун АҚШ сенатындағы дауыс берулер ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау идеясына қолдау көрсетіліп отырғанын білдіреді деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG