Accessibility links

«Фридом Хаус»: Беларуське қарсы санкция қолдану керек


«Фридом Хаус» құқыққорғаушы ұйымы Еуропалық одақты Беларусь билігіне белсенді ықпал етуге шақырып отыр.

Егер Беларусь билігі алдағы екі аптада Минскіде шеруге шыққандарды тұтқындауға қатысты іс-әрекетін қайта қарамаса, Лукашенко режиміне қарсы 2008 жылы тоқтатылған санкцияны қайта жандандыру қажет делінген бейсенбі күні таратылған мәлімдемеде.

Фридом Хаус жетекшісі Дэвид Крэмердің пікірінше, қазіргі жағдай 2006 жылғыдан да сорақы.

Беларусьте жексенбі күнгі өткен президент сайлауынан кейін Минскіде жаппай наразылық шаралары өтті.

Полиция мен қауіпсіздік күштері 9 оппозициялық үміткердің жетеуін тұтқындады. Олардың бесеуі әлі қамауда отыр. Хабарларға қарағанда, сейсенбі күні оппозицияның 600 қолдаушысы 15 күнге қамалған. Наразылық танытушылар билік орындарын "сайлауды бұрмалады" деп айыптады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда президент Александр Лукашенко шамамен 80 пайыз дауыс жинап, келесі мерзімге қайта сайланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG