Accessibility links

Эквадорда жол апатынан 41 адам қаза тапты


Эквадордағы жол апатынан 41 адам, оның ішінде 7 бала қаза болды. Ел астанасы Китодан шығыстағы қалаларға аттанған автобус Рождество мерекесі қарсаңында апатқа ұшырады. Құтқарушылардың айтуынша, 30 жолаушы аман қалған.

Полиция басшысының хабарлауынша, автобустың ішінде тым көп адам болған. Президент Рафаэл Корреа "70-тен астам жолаушыны алып бара жатқан жүргізушінің жауапкерсіздігін" айыптады. Қаза болғандардың отбасылары аза тұтып жатыр.
XS
SM
MD
LG