2011 жылы Солтүстік Корея үшінші рет ядролық қаруын сынауы мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігі жанындағы зерттеу институтының бүгін көпшілікке жариялаған баяндамасында айтылған.
«Егер Солтүстік Корея мұндай қадамға баратын болса, онда ол елмен бейбіт келісімге келеміз деген үміттің ақталуы екіталай» деп қауіптенеді ресми Сеул. Солтүстік Корея бұған дейін екі рет – 2006 және 2009 жылдары ядролық қару сынақтарын өткізген.
Өткен айдың соңында Солтүстік Корея оңтүстіктегі көршісін зеңбірекпен атқылағаннан кейін бұл екі мемлекеттің арасындағы жағдай ушығып кетті. Сол жолғы қарулы жанжалдан төрт адам көз жұмған. Осыдан соң Сеул әскери жаттығулар өткізе бастады.