Accessibility links

Ирақта кемінде 7 кісі жарылыстан қаза тапты


Ирақтың батысында болған екі жарылыстан кем дегенде 7 кісі мерт болды.

Ән-Наджаф өлкесінің әкімшілік орталығы Рамади қаласында екі жанпидашыл қаскүнем жүргізіп келе жатқан екі автокөлік бірден көкке ұшты.

Хабарға қарағанда, қаза болғандардың көпшілігі полицейлер. Олардан басқа 30 шақты адам жараланды.

Мерт болғандардың саны арта түсуі мүмкін. Дәрігерлер жарылыс болған жерде жүр.
XS
SM
MD
LG