Accessibility links

Кот-д'Ивуарға азаматтық соғыс қаупі төніп тұр


Кот-д'Ивуарға азаматтық соғыс қаупі төніп тұр. Лоран Гбагбоны қолдаушы әскери күштер халықаралық түрде мойындалған президент Алассан Уаттара тұрып жатқан қонақ үйге шабуыл жасайтындарын ескертті. Абиджандағы бұл қонақ үйді БҰҰ бітімгершілік күштері күзетіп, қоршап тұр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Уаттара мен оның үкіметіне шабуыл жасалса, Кот-д'Ивуарда азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін деп мәлімдеді.

Биліктен кеткісі келмей отырған Лоран Гбагбо өзін заңды президент екенін айтып, Франция мен АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық қастандықтың құрбаны болғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG