Accessibility links

Шварценеггер Калифорния губернаторлығынан кетіп барады


Голливуд жұлдызы, АҚШ-тың Калифорния штатының 7 жыл губернаторы болған Арнольд Шварценеггер дүйсенбі күні орнынан кетіп жатыр.

Алғаш рет 2003 жылы сайлаған республикалық Шварценеггер 2006 жылы қайта сайланған болатын. Оның орнына демократ Джерри Браун келеді.

Калифорнияның экономикасын көтеруге сөз беріп, губернаторлықты алған Арнольд Шварценеггер штатты бұрынғы жағдайдан да құлдыратып кетіп барады дейді сыншылар.

63 жастағы тегі аустриялық киножұлдыз Шварценеггер өзінің алдағы жоспары туралы ештеңе айтпады.
XS
SM
MD
LG