Accessibility links

Беларустің президенттіктен үміткері абақтыдан шықты


Беларусьте өткен айдағы президент сайлауынан кейінгі наразылық шеруінде қамауға алынған президенттіктен үміткері абақтыдан шықты.

Витал Рымашеуски қаладан шықпауы тиіс деген талаппен қаңтардың 1-іне қараған таңда босатылған. Бірақ бұл туралы оның Христиан Демократиялық партиясы дүйсенбі күні ғана хабарлады.

Президент Александр Лукашенкомен қатар сайлауға түскен Рымашеускике және тағы 4 кандидатқа дауыс берулерден кейін Минскіде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген айып тағылған. Оларға тағылған айып бойынша 15 жылға дейінгі түрме жазасы берілуі мүмкін. Сайлау нәтижесіне наразылық танытқан шеруде 600-ден аса адам қамауға алынған еді.

Желтоқсанның 19-ында өткен сайлауда Лукашенко төртінші мерзімге президент болып сайланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG