Accessibility links

АҚШ елшілігі референдумға қатысты пікір білдірді


Қазақстандағы АҚШ елшілігі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөніндегі референдум өткізу ұсынысына байланысты ұстанымын жариялады. Қаңтардың 4-інде таратылған ақпаратқа сәйкес, АҚШ елшілігі мұндай референдум өткізу демократия үшін "кері шегініс" болады дейді.

"Біз Қазақстанның конституциясы кепілдік берген президент сайлауының орнын алмастыратын республикалық референдум Қазақстан демократиясы үшін кері шегініс болады деп санаймыз. Біз Қазақстан үкіметі мен азаматтары өздерінің халықаралық міндеттемелеріне құрметпен қарап, еркін және әділ сайлау өткізуге күш салуын маңызды деп есептейміз", - делінген АҚШ елшілігінің мәлімдемесінде.

Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу жоспарын қолдаған болатын.
XS
SM
MD
LG