Accessibility links

Венгрия БАҚ туралы заңға қатысты ЕуроОдақтың шешіміне құлақ асады


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның мәлімдеуінше, егер Еуропа Одағы Венгрияның бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі жаңа заңы өзгертілуі тиіс деп шешсе, үкімет оны қабылдайды. Алайда Орбан жаңа заң Франция, Германия және Нидерланды сияқты Еуропа Одағына мүше елдердегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға сай келеді деп атап көрсетті. Бұл туралы Венгрия премьер-министрі бүгін өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Венгрияның БАҚ туралы жаңа заңы қаңтардың 1-інен бастап өз күшіне енді. Халықаралық ұйымдар мен ЕуроОдаққа мүше кей елдер аталмыш заңды сынап, Венгрияда баспасөз бостандығы шектелуі мүмкін деп мәлімдеді.

Венгрия қазір Еуропа Одағының төрағасы.
XS
SM
MD
LG