Accessibility links

Обама Сперлингті экономикалық кеңесшісі етіп тағайындамақ


Президент Барак Обама Клинтон билігі кезіндегі ардагер Джин Сперлингті өзінің экономикалық саясаты бойынша бас кеңесшісі етеді. Ақ үй өкілінің айтуынша, бүгін кешке Обама Сперлингті Ұлттық экономикалық кеңестің басшысы етіп тағайындайды.

Бұл - қараша айындағы сайлаудан кейін Өкілдер палатасындағы бақылауды республикашылар партиясы өз қолына алған соң жасалып отырған өзгерістердің бірі. Қаржы министрі Тимоти Гейтнердің кеңесшісі Сперлинг президент Билл Клинтонның билігі кезінде экономикалық кеңесті басқарған. Ол желтоқсан айында Гарвард университетінде дәріс оқу үшін Ақ үйден кеткен Ларри Саммерстің орнын басады. Жұма күні Обама тағы бірнеше лауазым иелерін тағайындауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG