Accessibility links

ЕуроОдақ басшылары Түркіменстанда газ мәселесін талқыламақ


Еуропа Одағының жетекшілері Әзірбайжаннан кейін Түркіменстанға барып, табиғи газ тасымалы мәселесін талқылайды.

Бейсенбі күні Бакуде Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозо мен Әзірбайжан президенті Илхам Алиев бірлескен декларацияға қол қойды. Оған сәйкес, Әзірбайжан ЕуроОдақ елдерін ұзақ мерзімді газ тасымалымен қамтамасыз етуге міндетті. Еуропаға нақты қанша газ тасымалданатындығы айтылмады.

Еуропа Одағы Ресей мен Украинаны айналып өтіп, Түркия арқылы Еуропа елдеріне газ тасымалдайтын құбырлардың салынуына жол ашатын Оңтүстік газ дәлізі құрылады деп үміттенеді.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG