Тунис Конституциялық кеңесінің айтуынша, елдің уақытша президенті премьер-министр емес парламент төрағасы болуы тиіс.
Биліктен құлатылған Тунис президенті Зин әл-Абидин бен Али мен оның отбасы сенбіге қараған түні Сауд Арабиясына барған. Бұл туралы бүгін Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі хабарлады. Тунисте бірнеше аптаға жалғасқан наразылық шарасынан кейін Зин әл-Абидин бен Али елден қашып кетті. Ол Тунисті 23 жылдан астам уақыттан бері басқарды. Премьер-министр Мухаммед әл-Ганнуши президент міндетін уақытша атқаратынын айтты.
Конституциялық кеңестің мәлімдеуінше, жаңа президент сайлауы 60 күннің ішінде өткізілуі тиіс. Бұл хабарға байланысты премьер-министр әзірше пікір білдірмеді.
Тунис астанасындағы негізгі темір жол стансасы өртеліп, көптеген дүкендер тоналды деп хабарланып отыр. Елде тәртіп орнату әрекеттері жалғасып жатыр.