Accessibility links

Тунистің жаңа үкіметі алғашқы мәжілісін өткізеді


Бүгін Тунисте жаңадан құрылған үкіметтің алғашқы отырысы өтпекші.

Кеше Тунис президентінің міндетін атқарушы Фуад Мебазаа мен үкімет жетекшісі Мохамед Ғаннучи биліктен тайдырылған бұрынғы президент Зин әл-Абидин бен Алидің партиясынан шығатындарын мәлімдеген.

Әйткенмен осының алдында ғана үкімет құрамына енген оппозициялық төрт қайраткер жаңа үкімет құрамында әлі де бұрынғы президенттің жақтастары барына наразылық ретінде өздеріне берілген министр лауазымынан бас тартқан.

Тунис ресми орындарының хабарлауынша, елдегі жаппай толқуларда соңғы бірнеше күнде 78 адам қаза болып, материалдық зардап көлемі 2 миллиард долларды құраған.
XS
SM
MD
LG