Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюросы құқыққорғаушы Евгений Жовтисті шартты түрде мерзімінен бұрын босатпауды ұйғарған биліктің ісін сынап мәлімдеме таратты.
Бюро құқыққорғаушыға қатысты сейсенбі күнгі шешімді елдегі соңғы саяси оқиғалармен байланыстырады.
«Қазақстанның қазіргі президентінің өкілетін ұзарту туралы референдум қарсаңында Жовтистің еркіндікте болуынан билік қорқады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы оның принципшілдігі бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығын сайлау және сайлануға деген конституциялық құқықтарынан айырғысы келетіндер үшін ең үлкен қауіпке айналды» делінген мәлімдемеде.
Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюроcы Евгений Жовтисті шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау туралы шешімнің саяси астары барын айтып, оны дереу қайта қарауды талап еткен.
Қаңтардың 18-і күні Өскемен түрмесінің әкімшілігі өкілдерінен құралған арнайы комиссия төрт жылға бас бостандығынан айрылған құқыққорғаушы Евгений Жовтисті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарап, оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.