Accessibility links

Тунисте бұрынғы президенттің туыстары ұсталды


Тунис баспасөз құралдары биліктен қуылған бұрынғы президент Зин әл-Абидин бен Алидің 30-дан астам туысы елден кетпек болғанда ұсталғанын хабарлады.

Тунис түрмелерінде отырған барлық саяси тұтқындар жуықта қайта құрылған үкімет шешімі бойынша бостандыққа шыққан. Тунис президентінің міндетін атқарушы Фуад Мебазаа мемлекеттік телеарна арқылы халыққа жолдаған үндеуінде өткеннің қалдығынан арылып, сот органдарының қалыпты жұмыс істеуіне және сөз еркіндігін қамтамасыз етуге уәде берген.

Әйткенмен елдегі жаңа билікте бұрынғы президенттің көптеген жақтастары отырғанына наразы жұрттың толқулары жалғасып жатыр.

АҚШ үкіметі Тунистің уақытша билігін елде шынайы демократия орнатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG