Accessibility links

Мәссаған! Не деген қорқақ едің, жүрегім?!


Көзімде қанша қуаныш болса да, жадырай алмай төмен қарап үнсіз отыр. Ал ойларым ше? Хм, не десін байғұстар? Өздерінен өздері шатасайын деді ғой ол байқұстар….

Үміт. Мәәә, дәмің қандай тәтті еді… Бірақ сен дәл осы сәтте күдік деген басып-жаншып тастады-ау. Әйтеуір соншама ауыр жүктің астынан басың ғана қылтияды. Бір ғана күдік емес-ау сені басқан… Қорқыныш, аяушылық, дәрменсіздік, сенімсіздік – бәрі-бәрі сені қазір жағаңнан алып тұр-ау. Білесің бе, дегенмен, саған деген сенім қандай көп еді. Бірақ оның да алатын мөлшеріне қарасаң болды – тағы да шошисың-ау!

Күдік. Қандай қорқынышты едің. Қорқынышқа сыңар болып ап қатты күшейіп кетіпсің-ау. Саған сезім, үміт қарсы келе алар ма екен? Әй, қайдам!

Жүрегім менің екі тілімге тілінген. Бір жағында кішкене бұрышын үмітім мүжіп жатса, дәу бөлігін қорқынышы қажалап жатыр-ау. Оның қажалаған жерлері ауырлау, тереңдеу болғасын ба – қаттырақ ауыртып жатыр ғой сені. Бірақ кішкентай ғана сенім мен үміт бәрін жазар еді-ау.

Уақыт. Кейде «тез өтесің» деп, кейде «өтпей қойды-ау» деп налимын саған. Бірақ бәрібір өз дегеніңді жасайды екенсің сен.

Дегенмен қазір маған тек сенім мен уақыт, түсінік пен махаббат қана керек болып тұр. Иә, мені түсініп жатсаң, бәрі де болар еді. Махаббат та, бақыт та… Әттең…

12aikon1986.wordpress.com
XS
SM
MD
LG