Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан үш адам қаза тапты


Пәкістан билігі хабарлағандай, бүгін тайпалы Оракзай ауданында жол бойына қойылған бомба жарылысынан үш кісі қаза тапты.

Жергілікті әкімшілік өкілі Абдул Қадирдің айтуынша, Ибрахимзай қалашығындағы базар маңында болған жарылыстан бір бейбіт тұрғын мен екі сарбаз мерт болды. Жарылыстан тағы жеті кісі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG