Accessibility links

Тунис премьері Ғаннучи сайлаудан соң саясаттан кететін айтты


Тунис премьер-министрі Мохаммед Ғаннучи елде сайлау өткеннен кейін саясатпен араласпауға сөз берді.

Жұма күні тунистік телеарнаға берген сұқбатында Ғаннучи Тунистің демократияға өту процесінде барлық демократиялық емес заңдар жойылады деді. Ол алдағы алты ай ішінде өтетін президент сайлауын ашық әрі демкоратиялық түрде өткізуге уәде берді. Бірақ сайлаудың мерзімі туралы ештеңе айтпады.

Кезінде елді ұзақ басқарған президент Зин Абидин бен Алидің одақтасы болған премьер-министр Ғаннучи өзінің де басқа тунистіктер сияқты президент Бен Али билігінен қорыққанын айтты.

Елді 23 басқарған Зин Абидин бен Али билікке қарсы 4 аптаға созылған жаппай наразылықтардан кейін қаңтардың 14-і күні Сауд Арабия еліне қашып кеткен. Оған қарсы шерушілер биліктен оның жақтастарының бәрі кетуі керек деп отыр.
XS
SM
MD
LG