Accessibility links

Португалияда президент сайлауы өтуде


Жексенбі күні Португалия халқы президент сайлауына қатысуда. Хабарларға қарағанда, бұл дауыс берулерде ел президенті Анибал Кавако Силва келесі мерзімге қайта сайлануы мүмкін.

Сайлау алдындағы сауалнама көрсеткіштері бойынша, оппозициялық социал-демократтардан сайланған қазіргі президент Кавако Силва 60 пайыздан астам дауыс жинауы мүмкін. Оның сайлаудағы басты қарсыласы үкіметтегі социалистер жетекшісі Мануэль Алегре болып отыр. Дауысқа барлығы алты үміткер түскен.

Португалия заңы бойынша президенттің құзыры үкіметтен төмен, дегенмен ел президенті ықпалды саяси тұлға болып табылады.
XS
SM
MD
LG