Accessibility links

Тәжікстанда күші 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді


Тәжікстанның шығысындағы таулы аймақта күші Рихтер бағаны бойынша 6,1 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлады Рейтер агенттігі.

АҚШ ұлттық геологиялық қызметінің ақпараты бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қаракөл көлінен оңтүстік-батысқа қарай 106 шақырым тұста, 89,6 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер асты дүмпуі ел астанасы Душанбеде де сезілген.

Әзірше зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG