Accessibility links

Кербаладағы шабуылдан 18 адам қаза болды


Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Ирақтың Кербала қаласында шиит зияратшыларына жасалған екі шабуылдан кемінде 18 адам қаза тапты.

Жергілікті полиция мен аурухана өкілдерінің айтуынша, алғашқы бомба зияратшыларды шииттердің қасиетті жеріне алып баратын автобустардың жанында жарылған. Осы оқиғадан кейін бірнеше сағат өткен соң қаланың оңтүстігінде тағы бір бомба жарылып, кемінде 12 адам мерт болған.

Жыл сайын Бағдадтың оңтүстігіндегі Кербала қаласында мыңдаған адам діни шараларға жиналып, 7-ғасырда қаза болған шиит мұсылмандарының ең ардақты тұлғаларының бірін еске алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG