Accessibility links

"Домодедово" әуежайында кемінде 31 адам мерт болды


Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін Мәскеудегі "Домодедово" әуежайындағы жарылыстан кемінде 31 адам қаза тауып, 130 кісі жарақат алған.

Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, жарылыс халықаралық рейс жолаушыларының келу залында болған. Хабарларға қарағанда, жарылысты багаж алатын жерде жанкешті кісі жүзеге асырған болуы мүмкін делінеді.

Осы оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.
XS
SM
MD
LG