Accessibility links

Медведев Ресейде саяси бәсекелестікті дамытуды жақтайтынын айтты


Ресей президенті Дмитрий Медведев елде саяси бәсекелестікті дамытуды құп көретінін білдірді.

Бүгін ресейлік «Ведомости» газетінде шыққан сұқбатында президент Медведев Ресейдің «бірнеше партияның теңгерімді билігіне негізделген қоғамға қарай жылжуы» керектігін мәлімдеді. Бірақ Медведев Ресейдегі саяси жүйенің кемшіліктерін мойындағанымен, оны «бөлшектеуге» қарсы екенін айтты.

Медведев Ресейдегі жемқорлыққа қарсы күресте «табыстың жоққа тән» екенін мойындап, бұл істе мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекеті белсенді болуын қолдаған.

Дмитрий Медведев елдегі сот жүйесін сауықтыруды да негізгі міндеттердің бірі деп санайды.
XS
SM
MD
LG