Accessibility links

Қанат Саудабаев Хиллари Клинтонды «Достық» орденімен марапаттады


Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-қа барған сапарында осы елдің мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды «екі ел арасындағы ынтымақтастықты бекемдеуге көп үлес қосқаны үшін» бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар біраз мәселені (Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және адам саудасына қарсы күрестегі Қазақстанның ролі) талқылап, Астанада «Назарбаев Университеті» ашылуына байланысты ғылым саласында әріптестік орнатудың басымдылығын айтты.

Қанат Саудабаев америкалық бірнеше бизнесменмен де кездесті.
XS
SM
MD
LG