Accessibility links

Мысырда тағы шеру өтті


Биліктің ескертулеріне қарамастан бүгін Мысырда жаңа наразылық шарасы өтті.

Осыдан бір күн бұрын үкіметке қарсы шерулер барысында кемінде 3 адам қаза тапқан соң билік орындары наразылық ереуілдерін өткізуге тыйым салған болатын.

Мысыр наразылық танытушылары президент Хосни Мүбәрәктің қызметінен кетуін, демократиялық реформаларды жүзеге асыруды және парламентті таратуды талап етті. Каир полициясы шерушілерді қуып таратып, бірнеше адамды тұтқындады.

Шеруді ұйымдастырушылар таяуда ғана Тунисті 23 жыл билеген Бен Әлиді биліктен құлатқан толқулардың дем бергенін мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда, интернеттегі Facebook пен Twitter әлеуметтік желісі Мысырда ашылмай жатыр. Наразылық шарасын ұйымдастыру науқаны осы вебсайттар арқылы жарнамаланған болатын.
XS
SM
MD
LG