Accessibility links

Египетте полиция мен шерушілер арасындағы қақтығыста тағы екі адам көз жұмды


Билік орындары наразылық ереуілдерін өткізуге тыйым салғанына қарамастан, сәрсенбі күні ел астанасы Каирде және Суэцте жүздеген адам көшеге шығып, наразылық шерулерін жалғастырды.

Сәрсенбіде Египетте шерушілер мен полиция арасында болған қақтығыстар салдарынан екі адам - бір полиция қызметкері мен бір шеруші қаза болғаны туралы хабарланып отыр. Полиция наразылық шеруін тарату үшін көзден жас ағызатын газ және су атқыштарды қолданып, ондаған шерушіні ұстап әкеткен. Шеруге шыққандар мемлекетті басқарып отырған Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін талап еткен.

Еуропалық одақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тараптарды сабырға келуге шақырып, Египет билігін елде шерулер өткізуге салынған тыйымды алып тастауға және қажетті реформалар өткізуге үндеді.

Бұдан бұрын да, сейсенбі күнгі қақтығыстарда, екі шеруші мен бір полиция қызметкері қаза болған.
XS
SM
MD
LG