Accessibility links

«Хьюман Райтс Уотч» Қырғызстан билігін сегіз адамның ісін қайта қарауға шақырды


Адам құқығын қорғайтын «Хьюман Райтс Уотч» халықаралық ұйымы Қырғызстан Жоғарғы сотын қылмыс жасаған деп айыппен сотталған сегіз азаматтың ісін қайта қарауға шақырды.

Ұлты өзбек ол сегіз адамның барлығы да - Қырғызстан азаматтары. Арасында танымал құқыққорғаушы Азимжан Асқаров та бар. Олар түрмеде өздерін үнемі ұрып-соғып, қорқытып, қырғыз омбудсменінің атына берген шағымдарын қайтарып алуларын талап еткенін айтқан еді.

Азимжан Асқаров және басқа жеті адам былтыр жазда елдің оңтүстігінде ұлтаралық қақтығысқа ұласқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полицияның бір қызметкерін өлтіруге және бірнеше полицейді жаралауға қатысы бар деген айыппен сотталған.
XS
SM
MD
LG