Accessibility links

Чилиде 1973 жылы қаза тапқан ел президентінің өліміне қатысты тергеу басталды


Чили билігі 1973 жылы қаза болған сол кездегі ел президенті Сальвадор Альенденің өлімінің жай-жапсарын анықтау үшін алғаш рет ресми тергеу бастады.

1970 жылы Чили президенті болып сайланған социалист Сальвадор Альендені үш жылдан соң елде әскери төңкеріс жасап билік басына келген Аугусто Пиночет бастаған хунта биліктен тайдырды.

Әскери төңкеріс кезінде Сальвадор Альенде қаза болды. Хунта таратқан хабарда оның өзін өзі атып өлтіргені айтылғанымен, оған сенбейтіндер президент Альендені әскерилердің өлтіруі мүмкін деп санайды.

Пиночет билігі кезінде Чилиде адам құқықтарының бұзылғаны туралы 726 талап-арыз осы аптада ел астанасы Сантьягода арнайы сотқа тапсырылды. Олардың арасында Альенденің өліміне қатысты арыз да бар.
XS
SM
MD
LG