Accessibility links

Египет президенті үкіметте өзгерістер жасады


Египет мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, президент Хосни Мүбәрәк үкіметте өзгерістер жасады. Қазір елде 30 жылдан астам билікте отырған Мүбәрәкке қарсы шерулер әлі жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрі Хабиб әл-Адлидің орнына зейнетке шыққан полиция генералы Махмуд Уагди тағайындалды. Президент қорғаныс министрі Фиелд Маршал Хуссейн Тантауи мен сыртқы істер министрі Ахмед Абул Гейтті өз қызметтерінде қалдырды.

Хабарларға қарағанда, наразылық танытушылар сейсенбі күні жалпыұлттық шеру өткізуге шақырған соң елдегі барлық пойыздар тоқтатылған.

Египеттегі толқулар басталғалы бері 100-ден астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG