Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Каирде шетелдік журналистерге жасалған шабуылды айыптады


Журналистерді қорғау комитеті Каирдегі оқиғалар туралы сол жерден хабар дайындап жүрген шетелдік журналистерге қарсы жасалған шабуылды айыптап, арнайы мәлімдеме таратты.

Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті Каирде шетелдік тілшілерге «әдейі кедергі келтіру үшін» шабуылдар жасалған деп санайды. Журналистерді қорғау комитеті бұл үшін Египет билігін кінәлап, Египет армиясын журналистерді қорғауға шақырды.

Сәрсенбі күні Президент Хосни Мүбәрәкті жақтаушылар Каирдегі оқиғалар туралы хабар дайындап жүрген Жапония, Бельгия, Дания және өзге елдердің журналистеріне, ағылшынның Би-би-си, америкалық Си-эн-эн және Эй-би-си телекомпанияларының тілшілеріне тап беріп, күш көрсеткені жайлы, Франция мен Израиль журналистерін ұсталғаны туралы ақпараттар жеткен еді.
XS
SM
MD
LG