Accessibility links

БҰҰ: Азық-түлік бағасы рекордтық деңгейге жетті


БҰҰ-ның бүгін жариялаған мәліметі бойынша, қаңтар айында ғаламдық азық-түлік бағалары жаңа рекордтық деңгейге көтерілген.

Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық ұйымның айтуынша, азық-түлік бағасының индексі 2008 жылдың маусым айындағы көрсеткіштен де жоғарылаған. 2008 жылы азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына байланысты әлемнің бірнеше елінде толқулар болған еді.

Дәнді дақылдар, май, сүт өнімдері, ет пен қанттан құралған стандартық азық-түлік жиынтығы бағасының өзгеруін өлшейтін бұл индекс қаңтар айында орта есеппен 230,7-ге жеткен, ал 2008 жылдың маусым айында ол көрсеткіш 224,1 болған.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG