Accessibility links

Хаменеи: Араб елдерінде "исламдық ояну" болып жатыр


Египет, Тунис және басқа араб елдеріндегі оқиғалар - бұл аймақтағы "ислам оянуының" белгісі дейді Иранның рухани көсемі аятолла Али Хаменеи.

Хаменеи Тегеран университетінде жұма күнгі уағызында араб елдерінде өтіп жатқан халық толқуы Ирандағы 1979 жылғы ислам төңкерісіне ұқсайтынын айтты.

Иран билігі бұдан бұрын Египет президенті Хосни Мүбәрәкке қарсы шыққандарды жақтап, АҚШ пен Батыс елдеріне Египеттің ісіне араласпау керегін ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG