Accessibility links

Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері келіссөздер өткізіп жатыр


Былтырғы қараша айынан бері Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерінің өкілдері алғаш рет тікелей келіссөздерге кіріскен. Бұл туралы ақпарат жариялаған Оңтүстік Корея басылымдарының хабарлауынша, келіссөздер шекарадағы Панмунджом елді мекенінде өтіп жатыр.

Ресми Сеул әзірше бұл келіссөздерге байланысты түсініктеме берген жоқ.

Қарашаның 23-і күні Солтүстік Кореяның әскери күштері Оңтүстік Кореяның Йонпхендо аралын атқылап төрт адам қаза тапқан соң екі мемлекеттің арасындағы жағдай өте шиеленісіп кетті. Соның салдарынан екі жақтың әскери мекемелері арасындағы қатынастар үзіліп қалған еді.
XS
SM
MD
LG