Accessibility links

Абайдың шөбересі Ғазал Мағауина дүниеден озды



Ақпанның 5-інде Алматы қаласында 85 жасқа қараған шағында Абайдың шөбересі Ғазал Мағауина қайтыс болды. Марқұмның денесі Семейге жеткізіліп, ақпанның 8-і күні Ақшоқыда жерлеу рәсімі өтті.

Ғазал Мағауина 1926 жылы Шыңғыстауда туған. Әкесі Жағыпар Абайдың ұлы Мағауиядан туады. Жағыпар 1934 жылы қаза тапқан соң Ғазал жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Кейін Мағауияның үлкен қызы Уәсиланың қолына көшеді.

Ғазал Мағауина мұғалімдік қылған, "Қазақфильмде" қазақ киносының тарихы музейінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Бірнеше мемлекеттік наградасы бар.
XS
SM
MD
LG