Accessibility links

Сот Қызылағаш оқиғасына байланысты үкім шығарды


Талдықорған гарнизонының әскери соты ақпанның 9-ы, сәрсенбі күні Қызылағашта 2010 жылы наурызда болған қайғылы оқиғаға байланысты үкім шығарды. Ресми мәлімет бойынша, ол кезде Қызылағаш су бөгеті жарылғанда 45 адам көз жұмып, 48 адам жарақаттанған.

Су бөгетінің иесі, «Қызылағаш» кооперативінің басқарма төрағасы Қуаныш Бекеев, Қызылағаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі Есет Жүнісов пен оның інісі, «Қызылағаш» кооперативінің директоры Мұхит Жүнісов бес жылға сотталды.

Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов шарттты түрде үш жылға сотталды, оның бір жылы өтті.

Сот Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Евгений Енинді, Алматы облысы су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ақдарбек Сабыровты, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаевты ақтады.
XS
SM
MD
LG