Accessibility links

Египетте президентке қарсы үлкен шеру өтпекші


Египет президенті Хосни Мүбәрәк дәл қазір биліктен кетуден бас тартқан соң елдегі наразылық танытушылар бүгін үлкен шеру өткізетіндерін айтты.

Жұма күні шерішулер президент сарайына дейін баратындарын мәлімдеді. Оның алдында Мүбәрәк конституциялық өзгерістердің жасалатынын және билік өкілеттіктерінің бір бөлігін вице-президент Омар Сулейманға тапсыратынын хабарлады.

"Конституцияға сәйкес президент міндеттемелерін вице-президентке тапсыру жөнінде шешім қабылдадым. Египет бұл дағдарыстан өтеді және оның қалауы бұзылмайды деп сенемін. Египет өз балаларының міндеттемесімен және адалдығымен қайтадан аяққа тұрып кетіп, қастандық жасаушылардың жауыздығы мен жамандық ойлаушылардың әрекеттеріне жауап қайтарады", - деді Мүбәрәк.

82 жастағы Мүбәрәк қыркүйек айындағы сайлауға өзінің түспейтінін қайталап айтты.
XS
SM
MD
LG