Accessibility links

Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлы сыйлығы тапсырылды


Ақпанның 11-і Алматыда бірнеше қазақстандық журналист Алтынбек Сарсенбайұлы атындағы сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы Азаттық радиосына Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры хабарлады.

Осыдан бес жыл бұрын белгілі оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі кісі қолынан қаза тапты.

Жыл сайын тапсырылатын сыйлықтың бұл жолғы лауреаттары: "Қазақстан" газетінің тілшісі Әсия Ақышева, "Айқын" басылымынан Айжан Көшкенова, "Свобода слова" газетінің журналисі Мирас Нұрмұханбетов және Zonakz сайтының тілшісі Владислав Юрицын.

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық оларға саяси журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілді.
XS
SM
MD
LG