Accessibility links

Мүбәрәк биліктен кетті


Жаңа ғана хабарланғандай, Египет президенті Хосни Мүбәрәк биліктен кетті. Бұл туралы халыққа елдің вице-президенті Омар Сүлеймен хабарлады. Ол мемлекеттік телеарнадан қысқа ғана мәлімдеме жасады.

- Мұндай ел басына күн туған қиын жағдайда президент Мүбәрәк президенттік биліктен кеткен жөн деп шешті. Ол Қарулы күштердің жоғарғы кеңесіне мемлекетті басқаруды бақылауды тапсырды, - деді Омар Сүлеймен.

Елді 30 жыл басқарған Мүбәрәктің қызметінен кетуін талап еткен жаппай наразылық шаралары 18 күнге созылды.
XS
SM
MD
LG