Accessibility links

Пәкістан соты Мушаррафты тұтқындауға ордер берді


Пәкістандағы лаңкестікке қарсы сот бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоға жасалған қастандыққа байланысты елдің бұрынғы әскери басшысы Первез Мушаррафты тұтқындауға ордер берді.

Бхутто 2007 жылдың желтоқсан айында Равалпинди қаласында сайлау науқаны барысында оққа ұшқан болатын. Равалпинди полициясының бұрынғы басшысының айтуынша, сол кездегі президент Мушарраф Бхуттоның қауіпсіздік жоспарына өзгеріс жасап, қастандық болған жерді тергеу алдында тазалауға бұйрық берген.

2008 жылғы ұлттық сайлауда жеңілген Мушарраф содан бері Лондонда тұрады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG