Accessibility links

Наразылық шеруінен соң Йемен президенті АҚШ-қа сапарын кейінге қалдырды


Йемен президенті Али Абдалла Салехтің АҚШ-қа жоспарлаған сапарының кейінге қалғаны хабарланып отыр.

Мемлекеттік Саба агенттігінің хабарламасында президент сапары мерзімінің өзгертілуі «аймақтағы оқиғалармен» байланысты екендігі айтылған.

Жексенбі күні Йемен астанасы Санада полиция елде саяси реформалар жүргізуді және президент Салехтің биліктен кетуін талап етіп көшеге шыққан мыңдаған шерушіні қуып таратқан.
XS
SM
MD
LG