Accessibility links

Палестина автономиясының үкіметі тарады


Дүйсенбі күні Палестина автономиясының үкіметі отставкаға кетті.

Министрлер кабинетінің төрағасы Салам Файяд үкіметті тарату туралы өтінішті ел басшысы Махмуд Аббасқа тапсырғанын мәлімдеді.

Файяд премьер-министр болып қала береді, бірақ үкіметті жаңартады деген болжам бар.

Сенбі күні Махмуд Аббас Палестина автономиясында ылғи кейінге қалып келе жатқан президент және парламент сайлауларының қыркүйекте өтетінін айтты.

Газа аумағын бақылап отырған ХАМАС тобы бұл жоспарға қарсы шықты.
XS
SM
MD
LG