Accessibility links

Ирандағы шерулерде қақтығыс болды


Бүгін Иран үкіметінің қолдаушылары қарсыластарымен қақтығысты.

Осыдан екі күн бұрын оппозициялық шеруде оққа ұшқан студент Сани Жалехтің өлімін атап өту үшін сәрсенбіде шара ұйымдастырылған еді.

Студенттің өліміне байланысты екі жақ бір-бір айыптады. Оппозицияның айтуынша, Сани Жалех үкіметке қарсы наразылық танытушылардың бірі болған. Алайда үкімет қауіпсіздік күштерінің мүшесі болған Жалехті Иранда әрекетіне тыйым салынған бүлікші топ атып өлтірген дейді.

Ақпанның 16-да Иран бас прокуроры Мохсени Ежеи дүйсенбі күнгі шеру өткізуге шақырған оппозиция жетекшілері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Каррубиге қарсы шара қолданылады деп ескертті.

Сейсенбі күні бірқатар депутаттар билік орындарын Мусави мен Каррубиді сотқа тартып, өлім жазасына кесуге шақырды.

Дүйсенбі күнгі митингілер басында Египеттегі шерушілерге қолдау танытуға бағытталған болатын бірақ кейіннен ол үкіметке қарсы үлкен наразылық шарасына айналды.
XS
SM
MD
LG