Accessibility links

Алжирде төтенше жағдай тәртібі күшін жояды


Алжир билігі елде соңғы 19 жыл бойы күшінде болып келген төтенше жағдай тәртібі ақпан айының соңына дейін жойылатынын мәлімдеді.

Ел премьер-министрі Ахмед Уяхья үкімет тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыратынын мәлімдеді.

Тунис пен Египеттегі үкіметке қарсы қозғалыстардан шабыттанған Алжир оппозициясының белсенділері алдағы сенбі күні тағы бір наразылық шеруін өткізуге үндеу тастады.

Алжирдегі төтенше жағдай тәртібі әсіреисламшыл топтардың тарапынан зорлық-зомбылықтардың күрт көбейіп, 150 мың адам радикалдардың құрбаны болған соң енгізілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG