Accessibility links

ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің студенттері наразылық білдірді


Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері ректорат алдына жиналып, факультеттің жабылатындығы жайлы тараған ақпаратқа орай өздерінің наразылықтарын білдірмек болды. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Студенттер оқу орнында дүйсенбіден бері журналистика факультетінің тарайтындығы жайында айтылған ақпаратқа байланысты университет әкімшілігінен түсінік беруді талап етті.

Студенттер мен осында келген БАҚ өкілдерінің алдына шығып сөйлеген журналистика факультетінің деканы Ғалия Ибраева факультеттің жабылмайтындығын айтып, студенттерді тыныштандыруға тырысты.

Университеттің бас ғимараты алдында болған бұл оқиғаны ол жерге дереу жеткен полиция қызметкерлері қадағалап тұрды.

Бұдан соң оқытушылар мен студенттердің әңгімесі ғимараттың ішінде жалғасты.
XS
SM
MD
LG