Accessibility links

Беларусь оппозициясының белсендісі 4 жылға сотталды


Минск аудандық соты оппозиция белсендісі Василий Парфенковты төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Прокурор оны алты жылға түрмеге қамауды сұраған еді.

Былтыр желтоқсанның 19-ында өткен президент сайлауынан кейін Минскідегі жаппай наразылық шеруіне шыққанда ұсталған Парфенковты сот «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған үшін айыпты» деп таныды. Беларусь Хельсинки комитетінің жетекшісі Алех Хулак бұны «саяси үкім» деп атады.

Жалпы бұл іс бойынша 30-дан аса адам сотқа тартылады. Олардың арасында президент сайлауында Александр Лукашенконың саяси бәсекелесі болған төрт адамның ісі де бар.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер оппозиция белсенділеріне қарсы сот шешімі Лукашенко режимінің теріс қадамы деп бағаланатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG