Accessibility links

Экологтар Жапонияны кит аулауды доғаруға мәжбүр етті


Табиғат қорғаушылардың қысымына тап болған жапон кемелері Антарктикадағы кит аулау маусымын мерзімінен бұрын доғаруға мәжбүр болды. Бұл туралы бүгін Жапон үкіметінің ауыл шаруашылық, орман және балық аулау министрі Мичихико Тано мәлімдеді.

АҚШ-тың «Теңіз тіршілігін қорғау қоғамы» экологиялық ұйымының белсенділері кит аулайтын жапон кемелерінің қыр соңынан қалмай, оларға бөгет жасауға тырысқан.

Халықаралық кит аулау комиссиясы 1986 жылы кит аулау кәсіпшілігіне тыйым салатын шешім қабылдаған. Исландия мен Норвегия бұл шешімге мойынсұнбай, әлі күнге дейін коммерциялық мақсатта кит аулаумен айналысса, Жапония китті ғылыми мақсатта аулайтынын сылтау етеді.
XS
SM
MD
LG